Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп-интернаты, 1997 ж. 14 наурызда № 35 Солтүстік Қазақстан облысының Әкімінің өкімімен Петропавл қ. Я. Гашек көшесіндегі № 4 – ғимаратта орналасқан № 1 Облыстық мектеп-интернат негізінде ашылды.

Мектеп-интернат директоры – Дайыров Амангелді Алтайұлы. Мектеп-интернатта спорттың келесі түрлері жақсы дамуда, олар: грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, велоспорт, шаңғы тебу, бокс, дзюдо, көркем гимнастика және жеңіл атлетика.

Мамандандырылған мектеп-интернат, қабылдау емтиханын жақсы тапсырған (жаппай шынығу дайындығынан және жалпы білімдік үш пәннен), балалар жасөспірімдер спорт мектептеріндегі конкурстардан және алдын ала дайындықтан өткен спортқа ең қабілетті оқушылардан жасақталады. Мектеп-интернатқа қабылдау үшін, құрамы директордың бұйрығымен бекітілген арнайы комиссия құрылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшірілуі арнайы әзірленген тәртіп бойынша жүргізіледі.

СДБАМСҚОМИ жұмыс істеген уақытында 15 ҚР ХДСШ. 50-астам ҚР СШ дайындады. Мектеп-интернаттың оқушылары мен түлектері көптеген халықаралық, республикалық жарыстарда, АЧ, ӘЧ; ОО қатынасып жүлделі орындарға ие болды.

Жария ету: соңғы науқан (ZIP 10 Kb)


 

Казахский алфавит на латинском

Жаңалықтар

Послание президента РКПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области